Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарабалық ауданының білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімді өткізеді. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының» 14-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың өзектендірілген құжаттарын қарау білім беру бөлімінде 2025 жылғы 05 қарашада сағат 15.00-де өтеді.




